«Қазақстан құрама командасының бірінші нөмірлі ойыншысы Михаил Кукушкин мен Евгений Королев кортта өздерінің ойын құпияларын жас теннисшілермен бөлісуге ықыластана келісті. Олар балаларға ракетканы қалай ұстап, допты қалай соғу керектігін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ жасөспірім теннисшілер чемпиондармен шағын теннис ойынын өткізді. Осы шеберлік-дәрістерінен кейін М.Кукушкин мен Е.Королев балаларға қолтаңба беріп, ескерткіш суретке түсті», - делінген хабарламада.
Еске салайық, осы жұма күні біздің спортшылар әлемнің ең мықты командаларының бірі - Чехия құрамасымен кездеседі. Ол Дэвис Кубогының қазіргі жеңімпазы болып табылады. Турнирдің 1/4 финалы аясындағы Қазақстан - Чехия матчы Астанада сәуірдің 5-і мен 7-сі аралығында «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында өтеді. Қазақстан құрамасында Михаил Кукушкин мен Евгений Королевтан басқа Юрий Щукин мен Андрей Голубев ойнайды.