«Дэвис кубогы»: Қазақстан-Австрия - 2:0

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы «Дэвис кубогы» жолындағы бәсекені бастады. Теннисшілдеріміз әлемдік топтың 1/8 финалында Австриямен кездесуде.

Кездесудің алғашқы күні Қазақстанның екі теннисшісі жеңіске жетті. Андрей Голубев алғашқы кездесуде Андреас Хейдер-Маурерді ұтты. Ал Евгений Королев әлемнің 30-шы ракеткасы Юрген Мальцерді жеңді. Алдағы күндері жұптық кездесулер мен жекелей матчтар өтеді, деп жазады «Аламан» агенттігі

Дэвис кубогы. Әлемдік топ, 1/8 финал:
Андрей Голубев (Қазақстан) - Андреас Хайдер-Маурер (Австрия) - 7:6(7:2);6:3;7:6(7:5)

Евгений Королев (Қазақстан) - Юрген Мельцер (Австрия) - 7:6(7:4);6:3;6:2;