Жеребе тастау рәсімі көрсеткендей, бірінші күні Михаил Кукушкин чех тенисшісі Ян Хайекпен кездессе, Андрей Голубев чех спортшысы Лукаш Росолға қарсы шықпақ. Келесі күні жұптар арасындағы бәсекелер өтеді. Онда Евгений Королев пен Юрий Щукин «Радек Штепанек - Иво Минар» тобымен күш сынасып көрмек. Ал матчтың соңғы күні «Е.Королев - Л.Росол» және «А.Голубев - Ян Хайек» жекпе-жектері өтеді. Алайда матчтың басталуына дейін бір сағат қалған кезде, капитандар тенисшілерді ауыстыра алады.
Естеріңізге сала кетейік, Дэвис кубогы бойынша теннистен Қазақстан - Чехия матчы сәуірдің 5-сі күні өтеді.