Алдымен кортқа Михаил Кукушкин мен Симоне Болелли шықты. Қазақстанның бірінші ракеткасы мен Италияның үшінші нөмірлі ойыншысы арасындағы кездесудің алғашқы партиясы тартысты өтті. 1 сағатқа созылған сетте Кукушкин басымдық танытып, 8:6 есебімен жеңіске жетті. Қалған екі партия да қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Есеп 6:1,6:2. Алайда Михаил Кукушкиннің жеңісін Андрей Голубев жалғастыра алмады. Андреас Сеппимен тартысқа түскен Голубев үшінші партияда ғана қарсылық көрсетіп, тай-брейкте басымдық танытқан. Бірақ, Сеппи төртінші партияда 6:2 есебімен кездесуге нүкте қойды. Бірінші күннің қорытындысы бойынша есеп:1:1. Бүгін жұптық сындағы ойындар өтеді.