Бүгін, 18 шілдеде командалар жұптық ойында кездесті. Қазақстан намысын Андрей Голубев пен Александр Недовесов қорғады, олар үш сетте Ллейтон Хьюит мен Сэм Гроттан 4:6, 6:7, 2:6 есебімен жеңілді.
Еске сала кетейік, жуырда жеке сында Михаил Кукушкин Танаси Коккинакисамен, ал Александр Недовесов Ник Кирьосамен кездесіп, қазақстандықтар басымдық танытқан болатын.
Ертең, 19 шілдеде екі жеке матч өтеді. Жеребе нәтижесіне сай кортқа Михаил Кукушкин мен Ник Кирьос, Александр Недовесов пен Танаси Коккинакис шығады.