НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дэвис кубогының іріктеу сатысында Норвегия – Қазақстан матчы хард төсенішінде өтеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Норвегия мен Қазақстан құрамалары Ослода 4-5 наурыз күндері кездеседі.
Норвегия теннис федерациясы матч өтетін орынды белгіледі.
Бәсекелер Ослодағы Oslo Tennis Arena залдарында хард төсенішіндегі корттарда болады.
Матч бес ойыннан тұрады. Оның төртеуі жекелей сын болса, қалған біреуінде теннисшілер жұп құрып, кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Анна Данилинаның ширек финалға шыққанын, Максим Батютенконың жасөспірімдер турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Ал Андрей Голубев аралас сында ширек финалға шыға алмады.
Осылайша Аустралияда А.Данилина мен М.Батютенко ғана жарысты жалғастыруда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).