АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин елордадағы Ұлттық теннис орталығында өткен «Дэвис кубогы» әлемдік тобының плей-офф сынында швейцариялық спортшы Станислас Вавринканы ұтты, есеп, - 3:6, 6:1, 6:4, 1:6, 6:3.
Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Осы қуанышты оқиғадан кейін Қазақстан құрамасына өз тарихында тұңғыш рет «Дэвис кубогы» әлемдік тобына шығуы үшін бір-ақ жеңіс қажет.
Айта кетейік, сондай-ақ осы сында бірінші жарыс жолын шыққан қазақстандық тағы бір теннисші Андрей Голубев швейцариялық Марко Кьюдиннелиді 6:4,6:4,6:4 есебімен ұтқан болатын.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.