НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дэвис кубогы финалдық кезеңінің кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, айтулы дода 25 қараша күні Мадрид, Турин және Инсбрук қалаларында басталады.
Қазақстан құрамасы Мадридте В тобында 27 қараша, сенбі күні Швеция теннисшілерімен күш сынасады. Келесі күні Канада құрамасымен кортқа шығады.
Екі матч та Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де басталады.
Жарыстың ширек финалдық ойындары 29 қараша - 2 желтоқсан күндері өткізіледі. Жартылай финал 3 және 4 желтоқсанға, финал 5 желтоқсанға белгіленген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Женева турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Ал Ю.Путинцева Белград жарысының ширек финалына шыға алмады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).