АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Хорватияның Вараждин қаласында теннистен Қазақстан және Хорватия құрамалары арасындағы Дэвис кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Теннис федерациясының ресми сайты таратқан мәліметтерге сүйенсек, бірінші болып кортка Дмитрий Попко мен Марин Чилич шығады. Сондай-ақ, жұма күні Михаил Кукушкин мен Борна Чорич кездеседі. Жұптық сайыста отандастарымыз Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин корт қожайындары Иван Додиг пен Николай Мектичпен күш сынасады.
Ал соңғы ойын күні Кукушкин - Чилич және Попко - Чорич арасындағы кездесулері өтеді.
Айта кетсек, Жекелей және жұптық сындағы ойындар 6 және 8-сәуір аралында «Вараждин Арене» спорт кешенінде өтеді. Командалар құмды кортта ойнайтын болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.