Дэвис Кубогы матчының аясында бірінші болып қазақстандық Андрей Голубев пен чехиялық спортшы Ян Гайек сайысқа түседі болды

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Чехияның Острава қаласында Дэвис Кубогы (Әлемдік топ) бірінші раундының матчы бойынша жеребе тастау болды, деп хабарлайды ҚР Теннис Федерациясының баспасөз қызметі.

Жеребе қорытындысы бойынша бірінші болып Андрей Голубев пен Ян Гайек сайысқа түседі. Сол күні бірінші ойыннан кейін Қазақстан мен Чехия командаларының ойыншылары Михаил Кукушкин және Томаш Бердых шеберлік байқасады. Дэвис Кубогының екінші ойыны күнінде, яғни 5 наурызда жұптық жарыс болады. Қазақстан намысын Юрий Щукин мен Евгений Королев қорғаса, Чехия құрамасынан Лукаш Длуги және Иржи Веселы жарысқа қатысады.

Жарыстың соңғы күні - 6 наурызда жеке ойындарда Қазақстан спортшысы Андрей Голубев Чехия құрамасының ең үздік ойыншысы Томаш Бердыхпен сайысқа түседі. Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин Ян Гайекке қарсы ойнайды.