Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.
Ал, Сербия сапында әлемнің 1-ші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.
Еске сала кетейік, 4-6 наурыз аралығында Белградта (Сербия) Қазақстан Ұлттық құрамасы Сербиямен Дэвис Кубогының Әлемдік тобындағы 1/8 финалында кездеседі, деп жазады kazsport.kaztrk.kz.
Айта кетейік, Қазақстан 6 жыл қатарынан теннистің әлемдік элитасында бақ сынауда. Соның 4-еуінде турнирдің ширек финалына жеткен.