Дэвис кубогын Kazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7-9 сәуір аралығында Астана қаласының Ұлттық Теннис орталығында Дэвис кубогы (Азия-Океания аймағының 1 тобы) ойыны өтеді. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ойын барысында Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогы әлемдік тобының плей-офф кезеңіне шығу үшін Қытай құрамасымен сынға түседі.  

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы - Әлемдік топ жарысына ұдайы қатысып келеді. Кей жылдары біздің команда Швейцария, Италия және Чехияның құрамаларын жеңген болатын. 2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстан құрамасы Ресей құрамасынан жеңіліп, әлемдік топтан шығып кетті. Биыл теннисшілеріміз көшбасшылар тобының командасына қайта оралуға ниетті.

Назарларыңызға «Kazsport» телеарнасында көрсетілетін Қазақстан-Қытай матчының кестесін ұсынамыз:

07.04.2017
11:45  І топ. ҚАЗАҚСТАН - ҚЫТАЙ. Бірінші ойын. Live
14:45  І топ. ҚАЗАҚСТАН - ҚЫТАЙ. Екінші ойын. Live  

08.04.2017
12:50  І топ. ҚАЗАҚСТАН - ҚЫТАЙ.Жұптық ойын. 3 матч. Live  

09.04.2017
13:45  І топ . ҚАЗАҚСТАН - ҚЫТАЙ. Төртінші ойын. Live
22:40  І топ . ҚАЗАҚСТАН - ҚЫТАЙ. Бесінші ойын.

Айта кетсек,  Дэвис кубогының Азия/Океания аймағы бірінші тобының ойынында Қытай командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының теннисшілері анықталған болатын.  
Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев ойынға Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Дмитрий Попконы шақырған. Ал, Қытай құрамасының капитаны Вей Джианг өз тобын Ди У, Цзе Чжанга, Мао-Ксин Гонга және Янь Бай сынды теннисшілерден жасақтап отыр.