Дэвис Кубогының алғашқы әлемдік топтағы кездесуінде Қазақстан Бельгия құрамасынан 3:2 есебімен басым түсіп, 1/4 финалға өткен болатын. Бұған қарамастан, Қазақстан құрамасын өзге елдердің командалары озып кетті. Олар - Италия мен 15-орыннан 9-орынға ойысқан Швейцария құрамалары. Рейтингтің көш басында Кубоктың өткен жылғы жеңімпазы Чехия тұр. Екінші сатыда - Сербия, үшінші испандықтар келеді. Айта кету керек, Испания мен Сербия бірінші айналымда жеңіліс тапқан болатын.
08:54, 05 Ақпан 2014
Дэвис Кубогының рейтингісінде Қазақстан құрамасы екі сатыға төмендеп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэвис Кубогының рейтингісінде Қазақстанның теннис құрамасы сегізінші орыннан оныншы орынға төмен сырғыды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.