«Қазақстан тек сараптамадан өткен дезинфекциялаушы заттар пайдаланылады. Оның салдарынан қандай да бір жаппай ауырудың немесе қандай да бір басқа зиянды реакцияларды тіркеген жоқпыз. Бәлкім аллергия секілді жеке реакциялар кездесуі мүмкін. Алайда бізде қандай да бір жаппай сырқаттану немесе коронавирусты үдетті-ау деген ешқандай мәлімет жоқ», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Министр сонымен қатар дезинфекциялайтын заттар тек нұсқаулыққа сәйкес қолданылуы керектігін жеткізді.
Еске сала кетсек осыдан екі күн бұрын еліміздің Қарулы күштері жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай органдарының гарнизондарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізуге көмек көрсетуді қайта бастаған болатын.