Ди Каприо мұхиттарды сақтап қалуға миллиондаған долларын жұмсады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған танымал актер Леонардо Ди Каприо мұхиттар экологиясын сақтау ісіне 3 млн доллар қаржысын бөлді, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Бұл қаражат «Oceana» қорына аударылды. Аталмыш ұйым 1998 жылдан бері мұхиттарды қорғау ісіне атсалысып келеді. Енді Голливуд жұлдызының салған қаражаты мұхиттардың экологиялық жағдайын жақсарту мен олардағы теңіз жануарларын қорғау ісіне жұмсалмақ.