Ди Каприо түскен жаңа фильм Қазақстанда қашан көрсетілетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы «Оскардың» триумфаторы Алехандро Гонсалес Иньярриту тағы бір жобасын прокатқа дайындап жатыр. Жуырда оның «Оралған аруақ» («The Revenant») атты вестернінің алғашқы тизер трейлері жарық көрді, деп жазады bmtv.kz сайты.

Фильмде басты рөлдерді Леонардо Ди Каприо, Том Харди, Донал Глисон, Уилл Поултер, Лукас Хаас және т.б. актерлер сомдайды. «Оралған аруақ» Майкл Пункенің романының желісі бойынша түсірілді. Сюжетте XIX ғасырдың басындағы аң терісін жинаушылар мен үндістер арасындағы текетірес суреттеледі. Хью Гласс есімді кейіпкер аюдың шабуылына ұшырап, ауыр жараланады. Жанындағы достары оны айдалада тастап кетеді. Бірақ Хью аман қалып, өзін сатып кеткен адамдардан кек қайтармақ болады. Фильм Қазақстан прокатына 2016 жылдың басында шығады деп жоспарлануда.