Бұл туралы Kazinform агенттігінің ресми сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, 2022 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 382 579 адам дәрілік заттар мен медициналық бұйым алған.
2023 жылы олардың саны 414 200-ге, 2024 жылы 440 932-ге, ал 2025 жылы 461 815-ке жеткен. Осылайша, 2022 жылмен салыстырғанда 2025 жылы дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым алған науқастар саны 79 236 адамға немесе 20,7 пайызға артқан.
Бұл кезеңде жазылған рецепттер саны да өскен. 2022 жылы 2 773 744 рецепт рәсімделсе, 2023 жылы 3 242 820, 2024 жылы 3 425 462, ал 2025 жылы 3 566 356 рецепт жазылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар бойынша азаматтар «СК-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс орталығына хабарласып, ақпарат ала алады немесе өтініш қалдыра алады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастар арасындағы аяқ ампутациясы мен өлім көрсеткіші төмендегенін жазғанбыз.