Диана ханшайым бұл көлікті 1985 жылдан 1988 жылға дейін мінген. Әдетте аталған автокөліктің осы үлгісі ақ түсті етіп шығарылатын болған. Алайда, көзге көп түспеуді қалаған леди Диана қара түсіне тапсырыс беріпті.
Тарихта аты қалған әйгілі ұлыбританиялық ханшайымның дүниежүзіндегі жанкүйерлері оны еске алуға дайындалып жатыр. Айта кетсек, леди Диана 1997 жылы 31 тамыз күні Парижде жол апатынан қайтыс болған.