Сауда-саттық 31 тамызда ашылып, аукционның соңғы минуттарына дейін жемпірге ең жоғары баға 200 000 долларға да жетпеді.
Sotheby's тоқылған лоттың құнын 50-80 мың аралығында дейін бағалады. Аукцион соңында 1 млн доллардан астам ақша төлеген жемпір иесінің кім екені жарияланбады.
Бұған дейін Диананың Ford Escort автокөлігі аукционға қойылып, 2022 жылы 806 000 долларға сатылған еді.
Диана жиі тағатын Аталланың аметиспен безендірілген крестін қаңтардағы аукционда Ким Кардашьян шамамен 203 мың долларға сатып алды.
Осы жолы сатылған жемпір Диананың король отбасындағы орнын білдіретіндігімен ерекше.
Бұған дейін Диана ханшайымның атақты қызыл ала жемпірі Sotheby's Icons of Style аукционына қойылғанын жазған болатынбыз.