АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Диана Каюмова әйелдер күресінен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада қазақстандық балуан 59 келі салмақта 3-орын үшін сайыста үндістандық Ядав Пушпаны жеңді. Қорытынды есеп - 11:8.
Сондай- ақ ел құрамасынан Эльмира Сыздыкова (76 келі) мен Альбина Қайыргелдинова (68 келі) қола жүлдеге таласады. Ал, Зульфия Яхьярова (55 келі) қола жүлдеге таласта жеңіліп қалды.
Құрлықтық додада 13-14 сәуір күндері әйелдер, 15-16 сәуірде грек-рим шеберлері боз кілемге шығады.
Құрлықтық додада еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен барлығы 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық төрт спортшы жұбаныш белдесуіне қатысатынын жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.