Диана Мағауияева әлем кубогінің ақтық кезеңінде қола жүлде алды
23:32, 18 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық былғары қолғап шебері Диана Мағауияева Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды.
Бұрымды боксшымыз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. ҚР ҰОК мәліметінше, Диана жартылай финалда Польша өкілі Агата Кацмарскамен қолғап түйістірді. Польшалық боксшы басымдық танытып, жеңіске жетті.
Айта кетейік, Даниял Сапарбай бокстан әлем кубогі кезеңінде қола медаль алды.
Санжарәлі Бегалиев Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде ел құрамасының қоржынына қола жүлде салды.
Әсел Тоқтасын бокстан әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атанды.