«Қайдасыңдар, достарым» бейнебаянын кубалық Dj Umbertoмен бірге түсірген. Бұл ән қазір қазақстандық клубтарда да хитке айналды.
«Әннің ерекшелігі онда испан тіліндегі реггетон элементтері ойналады. Ондай әндер біздің эстрадада әлі жоқ», - деді әнші.
Айта кету керек, бұған дейін Диана Шарапова ресейлік Сергей Зверевті қазақша сөйлеткен болатын. Жұлдызды жұптың «Ты не пришла на новогодний бал» әні көпшіліктің көңілінен шықты.