«Егер оларға қатысты нақты сот үкімі шығып, 25 жылға бас бостандығынан айыратын болса, онда соттың соңғы сөзінен кейін оларды Қазақстанға депортациялауы тиіс», - деп атап көрсетті Н. Айтмаханов.
Естеріңізе сала кетейік, Қазақстан Республикасының Нью-Йоркте орналасқан Бас консулдығынан түскен ақпаратқа сәйкес, кеше, яғни 8 тамызда Федералдық сот алқасы Қазақстан азаматтары Диас Қадырбаев және Азамат Тажаяқовқа қатысты айып тағуды қолдады. Айып екі тармақтан тұрады: біріншісі - тергеуге кедергі келтіру мақсатымен алдын ала келісім, екіншісі - тергеуге кедергі жасау, қылмыскерге көмек көрсету және араңдатушылық. Аталған айыптар бойынша олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірінші тармақ бойынша 20 жыл берілсе, екінші тармақ 5 жылды көздейді. «Сондай-ақ жазаны өтегеннен кейін олар бақылауға алынып, 250 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеп беруі тиіс. 13 тамызда кезекті сот отырысы өтеді», - дейді Н. Айтмаханов.