Ерлер арасындағы жекелей сында қысқа бағдарлама аяқталды. Қазақстандық Диас Жиренбаев төрешілердің шешімімен 66,11 ұпай еншілеп, жетінші орынға тұрақтады.
Алғашқы үш орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жатқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар иеленді. Владислав Дикиджи 107,31 ұпаймен көш бастаса, Глеб Лутфуллин 95,79 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал Пётр Гуменник 80,63 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 10 қазанда өтеді.
Айта кетейік, Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қысқа бағдарлама бойынша 3-орын алды.