АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Диас Жиренбаев мәнерлеп сырғанаудан Люксембургте өткен Coupe du Printemps халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, қос бағдарлама қорытындысында Диас 211.76 ұпай жинады.
Бұл – оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші. Осыған дейін 20 жастағы Д.Жиренбаев ең жоғары 195.88 ұпайын 2024 жылы Қытайда өткен төрт құрлықтың чемпионатында жинаған еді.
Люксембург жарысында франциялық Корентин Спинар (190.50 ұпай) күміс жүлдеге ие болса, испаниялық Пабло Гарсия (178.38) үздік үштікті түйіндеді.
Аталмыш додада 23 елден барлығы 115 спортшы қатысып, бақ сынады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).