АСТАНА. ҚазАқпарат – Атақты Диего Марадона 36 жыл бұрын даулы гол соққан доп аукционға шығарылады. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аргентиналық футболшының 1986 жылғы әлем чемпионатының Англияға қарсы ширек финалында соққан атақты голы кейіннен «Құдай қолы» деп аталып кеткені белгілі.
Кездесу аяқталғаннан кейін даулы голды есепке алған бас арбитр допты алып кеткен.
Сол доп қарашаның аяғына қарай Лондонда аукционға шығарылмақ.
Сарапшылардың пайымдауынша, ол 3 млн фунт стерлингіге дейін бағалануы мүмкін.
Фото: euronews.com
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.