Диетологтар ағзаға зиян ТОП-10 таңғы асты атады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таңғы астың шарапаты көп екені бәрімізге мәлім. Бірақ таңда ішкен тамақтың бәрі ағзаға қонымды бола бермейді. Диетологтар солардың ішіндегі ең зиян 10 тағамды атады.

1. Ерітілген ірімшік. Мұндай ірімшік сұрыпталмаған қатты ірімшіктен жасалады. Ол өңдеуге түскенде барлық пайдалы заттарынан айырылады. Есесіне артық майлары көбейеді.

2. Кептірілген нан мен чипсы. Онда химиялық қоспалар мен күмәнді майлар көп.

3. Шетелден әкелінген жемістер. Мұндай жемістер жететін жеріне жеткеннен кейін тез пісу үшін химиялық заттармен өңделеді.

4. Тәтті дайын ірімшік. Мұндай ірімшіктерде әдетте өсімдік майлары, қант, қоюлатқыш заттар мен ароматизаторлар көп болады.

5. Базардан сатып алынған кептірілген жемістер. Олар да химиялық заттармен өңделеді. Сондықтан үйде өзіңіз кептіріп алған жөн.

6. Колбаса өнімдері. Бұл тағамның зияндылығын диетологтар көп жылдан бері қақсап келеді.

7. Жартылай дайын астар. Олардың негізгі құрамы - крахмал, қант және жасанды витаминдер.

8. Тез дайындалатын ботқа. Зауыттағы термоөңдеуден кейін дәнді дақылдар құнарлылығынан айырылады.

9. Мюсли. Құрамындағы дәмдеуіштер, кептірілген жемістер мен ароматизаторлар күмән тудырады.

10. Пакеттегі шырындар. Қойылтылған шырынды қайта қалпына келтіру арқылы жасалады.