Диетологтар: Қантты тұтынудан біржола бас тарту - қауіпті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қант салмақ қосады, қартаюды жылдамдатады және т.б. зияндары бар. Алайда қанттан толықтай бас тартуға болмайды дейді дәрігерлер.

Қантты мүлдем пайдаланбау қауіпті, ол көкөністерде, жемістерде, сүт өнімдерінде, жұмыртқа, жаңғақтарда бар. Мұның бәрі пайдалы өнімдер. Бұдан бас тарту маңызды дәрумендерден айырады.

Сондықтан «палеолиттік диета» көптеген сұрақтар туындатады, деді Meddaily. Оның негізі - құрамында қанты жоқ ет, жеміс-жидек.

Мамандар мұндай тәсілге, гормондарға әсер ету арқылы артық салмақтан арылтуға уәде беретін диетаға да қарсы пікір білдіруде.

Сондай-ақ диетологтар тамақты алмастыратын коктейльдермен де әуестенбеуді ескертеді.

Балшық диетасы да қауіпті, оны ұстанатындар улы заттарды шығару, иммунитетті нығайту және қышқылдық теңгерімін сақтау үшін күніне бір қасық балшық жеу қажет дейді. Алайда балшық ішті қатырады, тіпті уландыруы мүмкін.