Диетологтар: Семіздікке ұшырау генетикаға байланысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мичиган Университеті ғалымдарының пікірінше, семіздіктің генетикамен байланысы бар. Мамандар ДНҚ семіздіктің туындауына әсер ететінін анықтады.

Диетологтардың сөзіне қарағанда, адамдардың салмағы арасындағы айырмашылықтың басым бөлігі «семіздік геніне» байланысты. Бұл гендер мидың тәбет пен энергияны жұмсауды реттеуін өзгертеді. Алайда олар ағзадағы зат алмасуды өзгертпейді.

300 мың адамның сараптама жұмыстары барысында ғалымдар салмақтың артуына әкелетін 97 «семіздік генін» анықтады, деп хабарлады Kedem.