Диетологтар жылдам арықтататын көкөніс түрін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Диетологтардың айтуынша, қырыққабат салмақ тез тастауға көмектеседі. Себебі ондағы калория саны аз, сонымен бірге май мен холестерин мүлде жоқ.

Ғалымдардың пікіріне қарағанда, қырыққабатта С витамині , фитохимикат, басқа да антиоксиданттар көптеп кездеседі, ал бұлар болса түрлі аурулардың алдын алып қана қоймай метоболизмді тездетеді. Ал бұл артық салмақтан арылу процесін жеделдетеді деген сөз, деп жазады шетелдік БАҚ.