«Startup Battle - өнеркәсіп үшін технологиялық стартаптардың шайқасына бағытталған Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара. Қатысушылар Digital Oil Field, ESG, Smart Mining бағытында жарысқа түседі», - деді Digital Almaty-2024 форумын ұйымдастыру комитетінің басшысы Әдия Ахметова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, негізгі тректердің әрқайсысы 15 мың доллардан алады. Одан бөлек, Қазақстанның стартап экожүйесін өнеркәсіптік стартаптар бағытында қолдайтын серіктестердің жүлдесі бар.
Стартаптар конкурсына өтінімдер 25 қаңтарға (2024 ж) дейін қабылданады. Толық ақпаратты battle.almatydigital.kz сайтынан білуге болады.
Digital Almaty халықаралық цифрлық форумына қатысуға Иран, Үндістан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей және Қытай халықаралық технопарктерінен өтінім келіп түскен.