Digital Bridge форумына демеушілер қанша ақша жұмсағанын айта алмаймыз — вице-министр

Фото: ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы

АСТАНА. KAZINFORM — Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Digital Bridge халықаралық форумы кімнің есебінен ұйымдастырылғаны туралы пікір білдірді.

— Халықаралық форумы толықтай демеушілердің ақшасына өткізілді. Біз демеушілермен қол қойған өтініштер мен келісімдер бойынша бұл ақпарат жария етілмейді. Бірақ ол толығымен демеушілік ақша есебінен жүзеге асырылғанын атап өткім келді, — деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, форумның қорытындысы бойынша 40-тан астам меморандумға қол қойылған.
Бұған дейін Digital Bridge форумында 130-дан астам стартап ұсынылғанын жазған едік.