Ділдаш Құрышбаева Қазақстан қоржынына Универсиаданың қола жүлдесін салды

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық самбошы Ділдаш Құрышбаева Қазан қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік Универсиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін бәсекеге ол Беларус елінің өкілі Ольга Намазовамен күресіп, жеңіске жетті. Бұл бүгінгі, 16 шілде күнгі бәсекедегі алғашқы жүлде екенін айта кетейік. Кейінірек самбодан алтын медаль үшін таласқа Бағдат Жарылғасов шықпақ.

Сонымен бірге қазақстандықтар нысананы көздеп атудан және грек-рим күресінен бәсекені жалғастыруда. Жалпы есеп бойынша қоржынымызда 27 медаль, оның екеуі ғана алтын.