«Менен өз еркіммен кетуімді өтінді, үгіттеді, тіпті қысым көрсетті. Бірақ, мен ешқашан мұны жасамаймын. Себебі, 54 миллион халық маған дауыс берген», - деді ол кездесуде.
«Менің Швейцарияда ешқандай есепшотым жоқ, мен ешқашан ұрлаған емеспін».
Айта кетейік, 12 мамыр күні Федералды сенат Бразилия президенті Дилма Русефті 180 күнге өз қызметінен шеттетті. Саясаткердің өзі бұл оқиғаны мемлекеттік төңкеріс деп атады.