Дилма Русеф қайтадан Бразилия президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия Президенті Дилма Русеф жаңа мерзімге қайта сайланды, екінші кезең барысында оған сайлаушылардың 51 пайыздан астамы дауыс берді, деп жазады Би-би-си.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Русефтің қарсыласы Эсио Невес 48 пайыздан астам дауыс жинаған.

Екі үміткер де сайлауалды насихат кезінде Бразилия экономикасын қайта іске қосып, оны әлдеқайда бәсекеге қабілетті етуге уәде берген.

Бюллетеньдердің 98 пайызын санағаннан кейін, Невестің жинаған дауысы қарсыласына жетпейтіні белгілі болды. Мемлекет басшысының орнына ол бірінші рет 2010 жылы сайланған.