"I am Singer" жобасында көп таныс, достар таптым! Әрбір танысымның ыстық ықыласы, маған деген ниеті ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қарсыласым болса да қонақжайлылығын көрсетіп, Тан Цзин Бейжіңдегі үйіне қонаққа шақырды. Тан Цзин қытайдың атақты әншісі, көптеген xалықаралық байқаулардың жеңімпазы! Ата-анасы да өнерден ауылы алыс емес. Дастарxан барысында бірге ән шырқап, әдемі тілектер айтып, қызықты әңгіме-дүкен құрдық. Менің xалал тағам ғана жейтінімді білген Тан Цзиннің анасы сиыр етінен дайындалған тұшпара дайындады. Тіпті, бір-екеуін өзің де істеп көр деп ұсыныс білдірді. Әрине, менен мықты аспаз шықпас, бірақ қолымнан келгенше тырыстым! Тан Цзиннің отбасы, ата-анасымен танысқаныма қуаныштымын, керемет жандар! Десек те, өз Анамның дайындайтын тамақтарын сағынып кеттім!..» - деп жазды Димаш өзінің инстаграмында.
14:19, 07 Ақпан 2017
Димаш анасының тамағын сағынып жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергенов "I am Singer" жобасындағы қарсыластарының бірі, қытайдың атақты әншісі Тан Цзиннің үйінде қонақта болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.