«Астанамыздың гүлденуі, сәулетті ғимараттардың бой көтеруі - Еліміздің көркем болуының көрінісі! Астана. Қазақстан.» ,- деп жазды Димаш Instagram парақшасына.
Айта кетейік, қонақ үйдің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ал салтанатты кеште Тәуекел Мүслім, Санжар Мадиев, Данияр Елеусінов, Денис Тен сынды өнер және спорт саласындағы танымал тұлғалар, сондай-ақ Мила Йовович, Патрисиа Каас, Федор Бондарчук, Анна Чиповская, Денис Мажуков, Саша Спилберг сияқты белгілі шетелдік қонақтар да болды.