АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Ақтөбеге келді. Ол бүгін «Baqytty bala» байқауының гала концертінде ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Димаш өзіне алғаш фортепианада ойнауды үйреткен ұстазы Дина Ниязованың сүйемелдеуімен ән шырқайды», - деп хабарлады »Baqytty bala« байқауының баспасөз қызметі.
Оның дайындық сәті әлеуметтік желіге шықты.
Еске салсақ, »Baqytty bala« вокалдық байқауы биыл екінші рет өтіпжатыр. Оған өтініш берген 500 өнерпаздың жиырмасы іріктелді. Гала концерт пенмарапаттау рәсімі жергілікті сағат 18:00-де басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі «Baqytty bala» байқауына Димаш Құдайберген қатысуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.