«Ауқымды концерттік бағдарламалардың ішінде Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионында өтетін концерті бар. «Астана Аренаға» 22 мың адам сияды. Қазіргі уақытта, айналдырған 6 күннің ішінде 7 мың билет сатылып кетті. Сондықтан қазіргі уақытта біз Димаш Құдайбергеннің екінші концертін ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді министр.
11:48, 02 Мамыр 2017
Димаш ЭКСПО аясында 2 концерт береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында екі күн концерт береді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.