Димаш елордада Денис Тенге арнап ән шырқады
Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өткен жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында сағат 15:00 шамасында болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.
2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды. Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кейін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталып, қылмыстарын мойындады. Ұсталған үш адамды қамауда ұстау мерзімі 22 қарашаға дейін ұзартылды.