Димаш Қытай телеарнасы көрсететін әншілер байқауының продюсері болады

Фото: Фото: Досбол Атажан/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Димаштың фан-кездесуі өтіп жатыр.

Almaty Arena кешенінде ұйымдастырылған кеште өнерпаз сүйінші жаңалықпен бөлісті.

— Қуанышты жаңалығым бар. Кезінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-топтарымның қалыптасуына септігін тигізген үлкен тележоба — I’m singer-ді көрсеткен Hunan TV арнасымен бірігіп, менің алғашқы продюсерлік жұмысым шығайын деп жатыр. Ол — I’m singer жобасы секілді, бірақ басқа форматта, басқа бағытта әлемдік деңгейде өтетін халықаралық әншілер байқауы. Сол жобаның продюсері ретінде аяқ алысым сіздердің назарларыңызда өтпек және жюри мүшесі боламын. «Арық айтып, семіз шық» демекші, алдағыны бірге көре жатамыз, — деді Димаш Құдайберген.

Еске салайық, 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.

Бұған дейін Димаштың бүгінгі фан-кездесуіне 40-тан астам елден жанкүйерлер келгенін жазғанбыз.

Осы айда Димаш Құдайберген белгілі қазақ ақыны әрі жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің әніне түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті.