АСТАНА. KAZINFORM - Димаш Құдайберген Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңында көрші елдің телеарналарында өнер көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.
Әншінің ресми сайтында мәлім етілгендей, CCTV-3 арнасы көрсеткен 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертінде Димаш қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты композицияларын орындады.
2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаш Құдайберген әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен «Thousands of Miles, a Common Dream» («Мыңдаған шақырымға бір арман») әнін шырқады.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.