Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы «Weibo» әлеуметтік желісінде (Facebook-тің қытайша нұсқасы) танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дубляждаған мифологиялық көркем фильмді жариялады, деп хабарлады Kazinform.
«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын фильмде қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген ұлы тұлғаның тарихы баяндалады.
Қытай мифтері мен аңыздарына қарағанда, «Шын-нуң» адамдарға бидай өсіруді, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретті. Ол – қытай мифологиясындағы адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген сиқырлы тұлға.
Қытайдағы ақпарат құралдарының хабарлауынша, фильмді қазақ тілінде дубляждау үшін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді арнайы шақыртқан.
Мұқтар Мұрат
Қытай редакциясының шеф-редакторы
Қытайдың ШҰАР Алтай аймағының тумасы
Жоғары білімді Қытайдың Іле- Қазақ автономды облысындағы Құлжа педагогикалық университетінде тамандаған, 2016 жылы ҚазАқпараттың Қытай редакциясына жұмысқа қабылданды.