Өздеріңізге белгілі, Димаш 8 желтоқсан күні Санья қаласында өтетін «Әлем аруы-2018» халықаралық байқауының финалында өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстан атынан қатысатын Екатерина Дворецкаяға қолдау көрсетеді.
«Әлем аруында» кездескенше!» деп жазды Димаш Құдайберген өз парақшасында. Сөйтіп, жазбамен бірге өз суреті жапсырылған ұшақтың фотосын жариялады.
Бұл ерекше ұшақ туралы ҚазАқпарат кезінде жазған-ды. «TianDao» және «Eastern company» компаниялары бірлесіп, Димаш саундтрек жазған «Moonlight blade» онлайн ойынына арналған ұшақты пайдалануға берген болатын. Ұшақта Димаш Құдайбергеннің фотосы бейнеленген.