Ол бүгін Алматыдағы Универсиаданың ашылу салтанатына қатысып, тікелей эфирде өнер көрсететін болады. «Универсиадаға қатысатын барлық қатысушыларға сәттілік, Қазақстанға жеңіс тілеймін! Мен сіздермен біргемін!» - деп жазды Димаш өзінің Инстаграм парақшасына.
Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергенов қазақстандық эстрада әншілері Қанат және Света Айтбаевтардың ұлы. Ол Қытайдың Hunan TV басты ойын-сауық телеарнасындағы «I am a Singer-2017» музыкалық шоуында бақ сынап жатыр. Бірінші кезеңде Димаш ең қиын әндердің бірі «SOS d'un terrien en détresse» композициясын және күні кеше ресейлік Витастың «Опера №2» әнін орындап, қос сайыста да жеңіске жетті.
Фото опубликовано Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Янв 28 2017 в 11:04 PST