«28 сәуір күні Елбасының қатысуымен жыл сайынғы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтеді. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының арнайы шақыртуымен келген Димаш Қүдайбергенов сессияда өнер көрсетеді» - деп хабарлады министрліктің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Фейсбук парақшасында.
Еске сала кетсек, ертең сағат 15.00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деген күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтеді. Сессия соңында концерт ұйымастырылады.