Димаш Құдайберген атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін отандасымыз Димаш Құдайберген Францияда өтіп жатқан атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті.
Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов өзінің Фейсбуктағы жеке парақшасында жазды.
Айта кетейік, Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында тұңғыш рет қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылды. Аталған павильон ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің қолдауымен орнатылған болатын.
Биылғы Канн фестивалі аты аңызға айналған Клаудия Кардиналеге арналады. Клаудия Кардинале - белгілі италиялық актриса. Ол "Фицкарральдо", "Сегіз жарым" сияқты көптеген кинокартинада ойнаған.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының магистрі.
2009 жылдан бері "ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агеніттігінде қызмет атқарады.
"ҚазАқпарат" Халықаралық ақпарат агенттігін дамытуға қосқан үлесі үшін және еліміздің ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін «Күміс бітікші» медалінің иегері.
Халықаралық, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.