«13 маусымда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде марқұмның жаназасы шығарылып, оны жақындары мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды», - делінген видео сипаттамасында.
Жаназа рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысқан.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы танымал әнші, өнер қайраткері Димаш Құдайбергеннің атасы – Құдайберген Айтбайұлының дүниеден өтуіне байланысты Айтбаевтар әулетіне көңіл айту жеделхатын жолдады.