Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт атануы мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген «Азиялық келбеттегі ең сымбатты ер адам» халықаралық конкурсына ресми түрде ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайберген «The Most HandsomeAsian Faces of 2019» («Азиялық келбеттегі ең сымбатты ер адам») конкурсынаресми түрде ұсынылды», - делінген Instagram-дағы TC Candler тәуелсіз сарапшылархабарламасында.

Әлеуметтік желі қолданушыларыонлайн дауыс беру арқылы таңдау жасай алады. Ол үшін Instagram-дағы tccasia_officia ресми аккаунтына жазылып, қатысушы туралы пікір қалдырады (текбір қатысушы) және лайк басады. Дауыс беру 2019 жылдың 30 қыркүйегіндеаяқталады.

Айта кетейік, өткен жылықазақстандық әнші TC Candler рейтингінде «Жылдың 100 сұлу тұлғасы» тізімінеенген болатын.

Соңғы жаңалықтар