ifeng.com порталының хабарлауынша, Димаш көрермендерге қазақ және қытай тілінде «Ұмытылмас күн» әнін орындап берген.
Еске сала кетейік, Димаш ағымдағы жылдың басында Қытайдың «Singer-2017» ән додасында бағын сынап екінші орын жеңіп алған болатын. Отандасымыздың байқаудың әр кезеңінде шырқаған әндері оны әлемдік деңгейдегі танымал әнші атануына мүмкіндік берді. Сондай-ақ ол көптеген халықаралық сыйлықтарды жеңіп алды.